Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді моделіне көшу, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігіне жоғары қауіп төндіретін адамдарды бақылаудың бірыңғай ведомствоаралық тетігін құру қажеттігін атап өтті. Қабылданатын шаралар қылмыстың алдын алуға бағытталуы тиіс.
Қаржы министрлігіне алкоголь нарығын, оның ішінде қашықтан сату және жеткізу тәртібін заңнамалық тұрғыдан реттеуді жетілдіру және мониторинг жүргізу жөнінде бірқатар тапсырма берілді. Премьер-министр алкогольді өнімдер сату ережелерін жүйелі түрде бұзатын субъектілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдатуды тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігіне алкогольге тәуелділі адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерін жетілдіру, медициналық куәландыру қағидатын, оның ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі фельдшерлерді даярлау және оларға рұқсат беру, зертханалық жабдықтарды жаңарту және мамандар даярлауды жетілдіру жүктелді.
Қаржылық мониторинг агенттігіне Ішкі істер және Қаржы министрлігімен бірлесіп, қолдан жасалған алкогольді заңсыз өндіру мен айналымына қарсы қылмыстық-құқықтық тетіктерді күшейту тапсырылды.
\шкі істер министрлігі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтеді. Әкімдіктерге уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары желісін дамыту міндеті жүктелді.
Мәдениет және ақпарат министрлігіне салауатты өмір салтын насихаттаумен ғана шектелмей, алкогольді тұтыну мәдениетін қалыптастыруға, зорлық-зомбылық пен отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға, ЖКО және өзге де құқық бұзушылықтарға себеп болатын ішімдікті шамадан тыс тұтынуға төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
@KZgovernment
