Бүгін Ұлытау облысының әкімі Байкен Есет Берікұлы ұлытаулық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жетістіктерімен құттықтап, Ұлытау облысының намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірді.
Ұлытау облысының спортшылары халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп, өңірдің намысын абыроймен қорғап келеді.
Жезқазғандық Даяна Федосова Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында Жаңаарқа кентінің тумасы Владислав Саможонов күміс, ал жезқазғандық Индира Қыдырмолдаева қола медаль жеңіп алды.
Пара қол күресінен Жаңаарқа кентінің спортшылары да жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Азамат Нұрәлиев ересектер арасында әлем чемпионы атанса, Асылжан Иманбаева жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Ал Ермек Смаилов ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Сондай-ақ, Сәтбаев қаласының спортшысы Неймат Асадов ересектер арасындағы аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Бұл жетістіктердің әрқайсысы – тынымсыз еңбектің, табандылық пен үздіксіз ізденістің нәтижесі. Спортшыларды дайындауда кәсіби шеберлігі мен өз ісіне адалдығы ерекше рөл атқаратын жаттықтырушыларға айрықша ризашылығымды жеткіздім.
Дарынды спортшыларды қолдау, олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасау және спорт инфрақұрылымын дамыту жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.
Спортшыларымызға зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен халықаралық жарыстарда толағай табыстар тілеймін!
Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі
