Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТЖ министрі Құтқарушылар аллеясындағы еске алу рәсіміне қатысты

Павлодар қаласында Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған Құтқарушылар аллеясына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараға қала әкімі Хасар Хабылбеков, ТЖД қызметкерлері, қаза тапқандардың туыстары мен қала тұрғындары да қатысты. Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Аллея қызметтік міндетін орындау кезінде өз өмірін қиған құтқарушыларды еске алу мақсатында құрылды. Олардың қатарында 1984 жылы Екібастұзда өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Сергей Мосин, 1990 жылы Екібастұз 1-ГАЭС қайғылы жағдайда қайтыс болған Рашит Зиннатулин, сондай-ақ 2021 жылы тұрғын үйдегі өртті барлау барысында қаза тапқан азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машрап бар. Төтенше ведомствоның басшысы қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтып, олардың жақындарына деген құрмет пен қолдауды атап өтті.

Іс-шара аясында Төтенше жағдайлар министрі Павлодар облысы ТЖД бөлімшелеріне жаңа заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасының кілттерін табыстады. Автопарк автоцистерналармен, автосатылармен, командалық-штабтық автокөлікпен, сорғы-жең техникасымен, авариялық-құтқару автокөліктерімен және өтімділігі жоғары жол талғамайтын техникамен толықтырылды.
Техниканың жаңартылуы төтенше жағдайларға жедел ден қоюды едәуір арттыруға, бөлімшелердің ұтқырлығын күшейтуге және өңір тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов бөлімшелерді заманауи техникамен жабдықтау ерекше бақылауда екенін атап өтіп, бұл қызметтің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі екенін айтты.

Рәсім соңында Павлодар облысы ТЖД-ның бірқатар қызметкерлері ісіне адалдығы, ерлігі және жанқиярлық еңбегі үшін министр мен өңір басшысының атынан ведомстволық наградалармен наградталды.