«Медеу» биік таулы мұз айдынының алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Барлығы 1 500-ден астам адам жиналды.
Салтанатты рәсім барысында әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран орындалды. Ту тұғырының биіктігі – 40 метр, ал тудың өлшемі – 7×14 метр.
Мереке қарсаңында Дархан Сатыбалды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің дамуына үлес қосқан қала тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыстады.
Сондай-ақ Республика сарайында мерекелік концерт өтті.
