Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Мегаполис

Алматыда медициналық кешен мен Паралимпиадалық спорт орталығы салынады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада жаңа нысандар салу жобалары қаралған кеңес өткізді. Медициналық кешен, Паралимпиадалық спорт орталығы, коммерциялық және тұрғын үй нысандары, сондай-ақ көпдеңгейлі автотұрақ салу жайы талқыланды.
Медеу ауданында жеке инвестиция есебінен аумағы 35 мың шаршы метр медициналық кешен салу жоспарланып отыр. Мұнда диагностика жүргізуге, оңалту қызметтерін көрсетуге, ана мен балаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге қажетті жағдай жасалады.
Алатау ауданында Паралимпиадалық спорт орталығының жобасы іске асыруға дайындалып жатыр. Орталықта параспорттың 13 түрімен айналысуға және дене оңалту курсынан өтуге болады. Құрылысты 2028 жылдың ортасына қарай аяқтау жоспарланған.
Жобаларды талқылау барысында нысандардың көлік қатынасына қолжетімділігіне, функционалдық мүмкіндіктеріне, сәулеттік келбетіне және қала кеңістігімен үйлесімді болуына ерекше назар аударылып отыр.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі