Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Қазақстан–Қытай: 10 айда 31,8 млн тонна жүк тасымалданды

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 8%-ға артты.
2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 31,8 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға жоғары. Былтыр осы кезеңде 29,4 млн тонна жүк тасымалданған.
Тасымалдың екі бағыты бойынша да оң динамика байқалады.
Осылайша, 2026 жылғы қаңтар–қазан айлары аралығында Қытайдан Қазақстанға 12,1 млн тонна жүк жеткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға жоғары.
Оның ішінде Достық шекаралық станциясы арқылы 5,0 млн тонна жүк тасымалданып, өсім 13%-ды құрады. Ал Алтынкөл станциясы арқылы тасымал көлемі 6%-ға артып, 7,1 млн тоннаға жетті.
Кері бағытта, яғни Қазақстаннан Қытайға 19,7 млн тонна жүк жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға жоғары.
Шекаралық өткелдер бөлінісінде Достық станциясы арқылы 13,1 млн тонна жүк тасымалданып, өсім 12%-ды құрады. Ал Алтынкөл станциясы арқылы тасымал көлемі 1%-ға артып, 6,6 млн тоннаны құрады.
Жүк тасымалы көлемінің артуы Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болып отыр.