ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС ӨРЕНІ АСЫҚ АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ — Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
АймақЖАҢАЛЫҚТАРСПОРТ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС ӨРЕНІ АСЫҚ АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Жуырда Румынияда асық атудан өткен әлем кубогында ұлттық құрама сапында түлкібастық Алмас Оңласынұлы қатысып, чемпион атанып, еліміздің мерейін үстем етті. Аталған байрақты додада асық атудан да, бес асықтан да Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Қарабаев Алмас Оңласынұлы – асық атудан ҚР спорт шебері. Ұлттық құрама командасының капитаны ретінде көптеген жарыста топ жарған. ҚР кубогы мен чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері атанған ол 2017 жылы Ақтөбе қаласындағы өткен VI Ақбидай ойындарында екінші орынға ие болды. 2018 жылы Ақтау қаласында VI Халық ойындарының чемпионы тұғырына көтерілді.
Бүгінде Алмас Оңласынұлы бапкер ретінде де өзін дәлелдеп жүр. Оның шәкірттері асық және бес асық ату спорт түрлерінен ҚР чемпионатының және ұлттық ойындарының чемпиондары болып, сенімді ақтады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ