ТҮРКІСТАНДА 1 ҚАЗАНДА АЛҒАШ РЕТ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ГАСТРО-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ — Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
АймақЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАНДА 1 ҚАЗАНДА АЛҒАШ РЕТ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ГАСТРО-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Түркістан қаласында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN — 2022» атты ең үлкен гастрономиялық фестиваль өтеді. Шараның негізгі мақсаты — қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау, туристер үшін еліміздің қонақжайлығын көрсету. Аталған іс-шараны, Туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы өткізеді.
Фестиваль аясында қаланың 25-тен астам үздік мейрамханасы мен дәмханасы келушілерге ұлттық тағамдар, жергілікті деликатестер мен стрит-фуд дәмділерін әзірлемек. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, фестиваль барысында концерттік бағдарламалар, қызықты ойындар, жылдам тамақтану бойынша конкурстар, жергілікті аспаздардың шеберлік сыныптары және тағы басқа думанды іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда.
Сонымен бірге фестивальға келушілерге бонус ретінде — GastroFest гастро-картасы тегін ұсынылмақ. Бұл гастрономиялық картада қаладағы үздік дәмханалардың мәліметтері жиналған. Сіз Түркістанда ең дәмді палаудың дәмін қайдан татуға болатынын, қайда жанды музыка барын, қай мейрамханада тәтті десерттер дайындалып, балалар ойнау алаңқайлары қайда орналасқанын көре аласыз.
Фестиваль 2022 жылы 1 қазан күні сағат 12.00-20.00 аралығында Түркістан қаласындағы Президент саябағында өтеді. Байланыс нөмірі: 8-775-932-97-56 және 8-707-933-59-17.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ