ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TURAN» ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ — Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
АймақЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TURAN» ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық «TURAN» интеллектуалды ойыны өтті.
Сайысқа Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан келген 44 команда өзара бақ сынасып, финалға 8 команда жолдама алды.
Тартысты додада Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов барша қатысқан ойыншыларға алғысын білдіре отырып, командаларға сәттілік тіледі.
Көпшіліктің көзайымына айналған сайыста бас жүлдені 1 000 000 миллион теңге сыйақысымен Сайрам ауданының «ЭРУДИТ» командасы иеленді. I орынды «КЕНТАУ ЗИЯТКЕРЛЕРІ» командасы жеңіп алып, 700 000 мың теңгені олжалады. Сондай-ақ Жамбыл облысының қос командасы жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иемденді. Бұл ретте, II орынды алған «DREAM TEAM» командасы 500 000 мың теңгені қанжығасына байлады. III орын «CHICAGO BULLS» командасына бұйырып, 300 000 мың теңгені еншіледі.
Ойынға қатысқан Жаңабек Хамраев «Үздік білімгер» номинациясымен, Айбек Ташкенбай «Үздік топ басшы» номинациясымен марапатталып, қос ойыншыға 250 000 мың теңгелік сертификат табысталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ