Түркістан: Президент Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті — Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
АймақЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан: Президент Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша үкіметтік емес ұйым, жастар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері мен облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Жиында, «Ақпараттық талдау орталығы» КММ директоры, тарих ғылымдарының докторы Сейдулла Айкөзов, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсенбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Дінислам Бимаханбетов, Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, жеке кәсіпкер Бекзат Хабибов, өзбек этномәдени орталығының мүшесі Зулпархан Чалданов Жолдауда айтылған негізгі бағдарлар туралы өз ойларымен бөлісті.
«Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Жармаханұлы «Ел Президентінің «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауы «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың жаңа кезеңін бастауға тікелей бағытталып отыр. Енді біздің алдымызда Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан басты деген ұстанымдары аясына топтасып, ел бірлігін нығайтып, «Жаңа Қазақстан» құруға бірлесе атсалысу міндеті тұр» — деп өз сөзін қорытындылады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кешегі жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі» екендігін атап өтті, жастарға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсынды.
Жастарға көрсетілетін негізгі қолдаулар туралы облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Камал Айбар Мұхтарұлы «Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілін әзірлеу керектігін айтты. Бұл — облыстағы жалпы жастар санының 81%-ын құрайтын ауыл жастарына жағымды жаңалық. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысатын жастарға жаңа мүмкіндік береді.
Президенттің жастарға жасайтын қолдауы арқасында жоғары білімге қол жеткізу, кәсіби маман ретінде қалыптасу — мемлекет іргетасын қалайтын жастарға берілген үлкен мүмкіндік» — деп атап өтті.
Сонымен қатар, «Ақпараттық талдау орталығы» КММ директоры, тарих ғылымдарының докторы Сейдулла Ибадуллаұлы халықтың көкейінде біраздан бері шешімін таппай жүрген әлеуметтік-экономикалық сұрақтарға жауап алғандығын, алдағы уақытта бұл салада ауқымды жұмыстар жүргізілетініне сенім білдіретіндігін жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар арасында өзара сұрақ-жауап, пікір алмасты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ