МИНИСТР ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ — Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
АймақЖАҢАЛЫҚТАР

МИНИСТР ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Түркістанға келді. «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға арнайы келген Асқар Қуанышұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, өңірде ашылған «Turkistan» телеарнасының ұжымымен танысты. Ашылғанына бір жылдан енді асқан телеарнаның заманауи студиясында сұхбат берген министр журналистер қауымымен емен-жарқын әңгімелесіп, пікір алмасты.
Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірде ақпарат саласынына қолдау көрсетіліп жатқанын, жас телеарна өз көрерменін тапқанын мәлімдеді. Журналистер министрге сұрақтарын қойып, жұмыс барысы туралы ой қозғады. Ұсыныстарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ