ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНА АЛДАНЫП, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ! — Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
БАСТЫ АҚПАРАТЖАҢАЛЫҚТАРҚҰҚЫҚ

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНА АЛДАНЫП, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ!

Бүгінгі таңда «қаржы пирамидасы» — бұл табыс табуды, оңай олжа табуды уәде ететін алаяқтық схемасы. Қаржы пирамидалары сізге өте жоғары пайыздық мөлшерлемелермен инвестициялау арқылы кепілдендірілген үстеме ақы береді және оған дос-жарандарын, туыстарын белсенді түрде тартуды дәріптейді.
Абай болғаныңыз жөн, жоғары үстемақы уәде еткен табысты инвестициялық компания қаржылық пирамида болуы мүмкін. Қаржы пирамидаларының белгілері және ерекшелігі — тез және оңай ақша табу, пайыздық мөлшерлемесі жоғары үстемақы туралы уәде. Қаржы пирамидалары өздерін көбінесе, қаржылық инвестициялық компаниялар немесе кәсіпорындар ретінде сендіреді.
Қаржы пирамидасының белгілері:
1. Ақшалай қаражаттың немесе заттай қомақты салым салу.
2. Ақшалай қаражаттың немесе заттай салынған салымға жоғары пайыздық үстеме мен тез әрі жылдам қайтару туралы уәде.
3. Жоғары пайызбен уәде етілген соманы алу үшін үшін дос-жарандарыңызды, туыстарыңызы тарту қажеттігі т.б.с.с белілері арқылы ажыратуға болады.
Қаржы пирамидалары негізінен халықты мол табыс табудың, қаржылық қиындықтардан тез арылудың, тез әрі жылдам баюдың, отбасылық қиындықтардан құтылудың бірден-бір жолы екендігіне сендіру арқылы өз мақсаттарына жетуді көздейді.
Қаржы пирамидаларының қызметіне Қазақстан Республикасында қатаң түрде тиым салынған. Сондықтан қаржылық пирамидаларының қылмыстық әрекеттерінің құрбаны болудан, алаяқтардан сақ болуларыңызды сұраймыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ