Димаш Құдайберген қалыңдықпен түскен суретін көрсетті — Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ТУРИЗМ

Димаш Құдайберген қалыңдықпен түскен суретін көрсетті

Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында ақ көйлек киген қызбен бірге түскен суретін жариялады.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында қалыңдықпен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды  kazgazeta.kz BNews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Димаштың ақ көйлекті бейтаныс қызбен бірге түскен суретіне оның оқырмандары түрлі пікір білдірді.

«Жүрегім ауырып тұр, міне не болып жатыр», — деп жазды akhm.cami.

«Димаш, әлі ертелеу, қыдырып жүре тұр, үлгересің», — деп пікір білдірді aydaromartayev.

«Меніңше, ол қытайлық қыз», — деді adilovaklara.

«Димаш! Сен кімді таңдасаң да, ол сенің таңдауың болады! Бақытты бол және тек өз жүрегіңді ғана тыңда!», — деп жазды 14_saule.

Желіде жарияланған кадрға бірнеше сағат ішінде 50 мыңнан астам лайк басылып, екі мыңнан астам пікір білдірілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ