Альварестің промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді — Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
БАСТЫ АҚПАРАТСПОРТ

Альварестің промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді

Мексикалық Сауль «Канело» Альварестің мүддесін қорғаушы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя «Канелоның» Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

15 қыркүйекте Лас-Вегаста екі боксшы арасында екінші кездеуін өткен болатын. Рематч 12 раундқа созылып, қазылар алқасы жеңісті Альвареске берген. Бұдан кейін екі спортшы да үшінші кездесуге дайын екенін мәлімдеп үлгерді.  «Головкиннің командасы мұны қалап тұрғаны анық (үшінші кездесуді), бірақ біз шындыққа тіке қарауымыз қажет — олар енді ғана кескілескен ұрысты аяқтады, шаршады, оларды дәл қазір қайта беттестіру ақымақтық. «Канело» өз супержұлдыз жолымен жүргісі келеді. Бұл кездесу оны осындай деңгейге жеткізді. Головкин ретке келіп, бірнеше қарсыласын жеңіп келуі керек, сонда ғана кездесу жайын қарастырармыз», — деп келтіреді промоутердің сөзін LA Times. Де Ла Хойя әзірге шәкіртінің жеңісіне тәнті екенін  қоса айтып өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ