ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан Қазақстан 72 медальға ие болды — Ultainasy.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
СПОРТ

ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан Қазақстан 72 медальға ие болды

Қырғызстанда өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары   2-8 қыркүйек аралығында өтті.  Оған 80-нен астам елден 3000-ға жуық спортшысы қатысып, спорттың 37 түрінен бақ сынады. Халықаралық маңызды шарада  Қазақстанның намысын 34 спорт түрінен 134 спортшы қорғады.

 Бәсекелі жарыста ел құрамасының нәтижесі көңілге қонарлық болды. 18 алтын, 24 күміс, 30 қола жалпы саны 72 медальға ие болған Қазақстан жалпы есепте екінші орынға жайғасты. Бірінші орынды Қырғызстан құрамасы иеленді. Олар 37 спорт түрінен 40 алтын, 32 күміс, 31 қола,  103 медальді жеңіп алды. 17 алтын, 24 күміс, 27 қола жалпы саны 56 медальмен үздік үштікті Ресей Федерациясы қорытындылады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бұдан кейін де дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады. Келесі ойындар екі жылдан кейін Түркия елінде өтеді деп жоспарлануда.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ